SocialCamp дегеніміз не?


SocialCamp Astana 2010 – бұл «бейресми конференциялар» әлемдік форматтың бейімделуі, сондай-ақ ҮЕҰ саласы үшін ол баркемп (от англ. BarCamp) деп аталады.

SocialCamp – Қазақстанда осындай форматта өтіліп отырған бірінші әлеуметтік іс-шара. Қатысуға елдің барлық белсенді ҮЕҰ мен қоғамдық ұйымдары шақырылады. SocialCamp Astana 2010 мақсаты – қоғамдық секторды дамытуға жаңа ынта беру және жуыр арадағы үш жылға арналған оның жұмысының негізгі трендтерін белгілеу.

SocialCamp шеңберінде қоғамдық сектор проблематикасының кең спектрі бойынша дискуссиялар мен тренингтер ұйымдастырылатын болады: фандрейзинг мәдениеті, сектордың кадрлық проблемалары, әлеуметтік проблемаларды шешу және халықпен жұмыс істеу. Кейспен жұмыс істеу – азаматтық қоғамның 2012 – 2015 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы негіздерін әзірлеуге ҮЕҰ қатысуы  SocialCamp жеке маңызды элементіне айналады.

SocialCamp – бұл конференция [емес]. Біз бұл іс-шара өнімді, айқын және серпінді болғанын қалаймыз.

  1. Іс-шараның бейресмилігі – мінбеден «ресми» хабарламалар жасалмауында.
  2. Әрбір қатысушы іс-шараны ұйымдастыруға өз үлесін қосуы тиіс.
  3. Әрбір қатысушы қандай да бір проблемаларға бастамашылық көрсете және дискуссияны ұйымдастыра алады.